ҚБМ жұмысшылары Атырау облысына жеткеннен бастап, бірден Индер ауданында бөгет салу жұмыстарына кірісті. Арнайы техника көмегімен олар Жайық өзеніне жақын орналасқан ауылдарға қорғанысты нығайтты. Бас директор Марат Елеусінов екі айға жуық уақыт бойы отбасынан жырақта ел қамы үшін адал тер төгу -нағыз патриотқа тән қасиет екенін ерекше атап өтті.
«Табиғи апат айтып келмейтіндіктен, су тасқыны Атырау халқына оңай тимегені анық. Сіздердей нағыз ержүрек, елжанды азаматтардың үлес қосуымен, мықты бөгеттер салынып, ауыл халқының сәл де болса көңілі орнына келді. Күн-түн демей, әрқашан жұмысқа дайын болғандарыңыз үшін мың алғыс. Осындай жұмысшыларымызды мақтан тұтамыз», - деді ҚБМ Басқармасы.
Бұдан соң басшылық жұмысшыларды марапаттап, құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде мұнайшылар Бас директорға Индер ауданы халқының жылы лебізі мен риясыз рақметін жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.
«Біз тек өзіміз емес, тұтас Қаражанбастың абыройын арқалағандықтан әр ісімізді адалниетпен істедік. Әріптестеріміз бен басшылық тарапынан ерекше қолдау сезіндік. Бірлігі жарасқан ұжымның бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз! Еліміз аман болсын», - деді жұмысшылар.
Айта кетейік, компания су тасқыны салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына қаржылай көмек, арнайы техникалар мен жұмысшылар жіберді. Мұнайшылар жағдай тұрақталғанға дейін елді мекендерде болып, үздіксіз жұмыс істеді. Өлке өндірісін өркендетіп жүрген қаражанбастықтарәрдайым елмен бірге!