Өндірістік басқарма басшысы Ғабит Сәдуақасов технологиялық көлік департаменті қызметкерлеріне 25 тонналық автокран кілттерін табыс етті. 12 жүк көтеру техникасының жетеуі №4 автотізбекке берілсе, №7 автотізбек жүргізушілері 5 техниканы қуанышпен қабыл алды.
Автокрандар бұрғылау қондырғысын, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу құрылғыларын көшіру және т.б. процестерге қатысып, жаңа ұңғымаларды орнатуға, өндірістік-техникалық жабдықтарды көтеру үшін пайдаланылады. Бұл өндірістегі жұмысты жеңілдетіп, тиімділікті арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
Жыл басынан бері ҚБМ автопаркі жалпы саны 63 техникамен толықты. Көліктерді жаңарту бағдарламасы аясындағы жұмыстар жоспар бойынша жалғасады.