Алғаш болып сөз алған ҚБМ Басқармасы компанияның көлік саласындағы қордаланған мәселелерді шешу бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Қатысушылар қосалқы бөлшектерді уақытылы жеткізу, автопаркті жаңарту мен еңбек жағдайын жақсарту, оған қоса кадрлық мәселелерге қатысты сұрақтарды талқылады.
Ұсыныс-пікірлерді тыңдаған Басқарма көтерілген мәселелерді жедел зерделеу мақсатында жұмысшылар, цех комитеті өкілдері мен компания басшылығы мүшелерінен үш арнайы жұмыс тобы құрылатынын және шаралар жасақталып, жүзеге асыру көзделетінін жеткізді.
Жиналысты қорытындылай келе, компания басшылығы қызметкерлерді бірлесіп, келісіммен жұмыс істеуге шақырды. Барлық мәселелер белгіленген уақыт ішінде, заң аясында, жұмыс тәртібімен шешімін табады.