«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы арасындағы бәсеке Қызылордада өтті. ҚБМ мұнайшылары 13 аталым бойынша қатысып, төрт бірінші және екі үшінші орынға ие болды. Алғаш боп сөз алған Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев аталмыш жеңіс ҚБМ мұнайшыларының кәсіби біліктілігін айқындайтынын алға тартып, шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктерге ақжарма тілегі мен алғыс білдірді.
«Сіздер өз кәсіби шеберлігіңізді көрсетіп, жеңіске сенімді қадам жасадыңыздар. Бүкіл ұжым атынан осынау нәтижемен құттықтаймыз және жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуді тілейміз», – деді басшылық.
«Үздік мамандар» Басқармаға жарыстың ауыспалы кубогын табыс етті. Ереже бойынша келесі жылғы сайыс жеңімпаз компанияның өндіріс алаңдарында өтеді.