К 30-летию Независимости Казахстана | 09 шілде 11:42

ҚБМ: Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар

«Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандары өңірдегі өндірістік мекемелерде қызмет ететін үзеңгілестерімен әріптестік қарым-қатынасын нығайтты. Мұнайшы жастар Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен, «Риза-Ана» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен өткен тимбилдингке қатысты.

Шараға 20-ға жуық мекеме жұмысшылары жиналды. Олар алдымен топтарға бөлініп, тиімді команда құру, жұмысқа қабілеттілік пен ұйымшылдықты арттыру үшін ұжымдық қарым-қатынасты берік етуге бағытталған командалық тапсырмаларды орындады. Ойын кезінде түрлі ұйымнан келген жас мамандар белсенділік танытып, әр қадамды нық жоспарлау арқылы үздік нәтижеге жетуге барын салды.

«Осындай шаралар арқылы біз көшбасшылық қабілеттерімізді паш ете отырып, жаңа достар табамыз. Сондай-ақ жас мамандар жұмысын жүргізу бойынша пікір алмасамыз. Бір өңірдің өндірісін өркендетіп жүргендіктен әріптестік қарым-қатынастың мықты болғаны дұрыс деп ойлаймыз», - деді Қаражанбас жастары.

 

Бұдан соң жас мамандар «QAZAQWA QUIZ» зияткерлік сайысында бас қосты. Әр мекеменің намысын қорғауға білімді де креативті жұмысшылар жиналды. 11 командаға бөлінген ойыншыларға түрлі саланы қамтитын логикалық сұрақтар қойылды. Мұнайшылар миға шабуыл жасап, сауалдарға тез әрі дұрыс жауап беругетырысты. 6 кезең қорытындысына сәйкес қаражанбастықтардың «REAL DRILL» құрамасы ІІ орынға ие болды.