К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қараша 09:30

ҚБМ экономистері жеке және командалық дағдыларын дамытты

«Қаражанбасмұнай» АҚ экономистері жеке және командалық тиімділік саласындағы дағдыларын дамыта түсті.

Оқыту тренингі аясында Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Мырза Серіков бастаған бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті қызметкерлері шешім қабылдау әдістерін, коммуникацияларды жақсарту, өзгерістерді басқару және өзге де ұйымдастыру мәселелерін талдады.

Пікірталасқа толы интерактивті оқыту MBTI объективі арқылы – іскерлік қарым-қатынас, топтық жұмыс, дауларды басқару, стресс, әртүрлі типтегі адамдардың мінез-құлық стратегиясын қарастыру сияқты стильдерді талдауды қамтыды. Жұмысшылар проблемаларды шешуге өзгеше көзқарас танытумен қатар, жеке және командалық тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар дайындады.

«Алдағы мақсаттарға бағыты айқын ірі компанияларда жұмысшылар да барынша бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Оқыту барысында біз команданы жан-жақтылыққа бағыттап, қызметкерлерді ортақ мақсаттарға жету үшін біріктіруге және өзара іс-әрекет жасауға жәрдемдесу маңыздылығына тоқталдық», – деп атап өтті экономистер.