Ашық диалог форматындағы кездесуге қатысушылар компаниядағы жастар саясаты бойынша өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Ұсыныс-пікірлер толық тыңдалған соң, кеңес мүшелері бірігіп, алда атқарылатын жұмыстар жоспарын жасақтады. Онда тек компанияішілік емес, облыс тіпті республика көлеміндегі қоғамдық, мәдени, спорттық, қайырымдылық, экологиялық т.б. акцияларға қатысу мен ұйымдастыру көзделген.
«Қаражанбаста сегіз қырлы, талантты жастар өте көп. Өз азаматтық көзқарасымызды білдіре отырып, бұған дейін де талай игі істің жанынан табылып келеміз. Енді жаңа жоспармен жаңа асуларды бағындыруға жұмыстанамыз», – деді ЖМК төрағасы Айбек Ұлықпанов.
Кеңес қорытындысы бойынша жастар алдағы уақытта қос ауысым жұмысшыларының басын қосып, белсенді жұмыс істеуге, тың жобаларды жүйелі жүзеге асыруға уағдаласты.