Өңірдің өндірістік мекемелеріндегі жас мамандардың бірлігін нығайту және жұмысшы жастар арасында берік қарым-қатынас орнату мақсатында өткен додада жиырмадан астам команда бақ сынады. Қаражанбастықтар алдымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жігіттерімен кездесіп, басым түсті. Бұдан соң «Қазпошта» құрамасын 10:2 есебімен жеңді.
Алайда жартылай финалда «ӨзенМұнайГаз» АҚ командасы 4:3 есебімен алға шықты. Шешуші сайыста біздің жігіттер «OilServiceCompany» ЖШС қақпасына 5 гол соғып, үздік үштікке ілікті.
«Турнирге қатысу арқылы біз өзге мекемелердегі әріптестермен танысып, жаңа орта қалыптастырып үлгердік. Өндірісте еңбек ете жүріп, спортқа да қабілетті үзеңгілестердің көп екеніне қуандық. Көп ішінен дараланып, жүлдегер атану оңайға соқпады.
Жастар – қозғаушы күш екенін жауапкершілікпен сезіне отырып, компания намысын тек спортта емес, түрлі бағыттағы сайыстарда қорғау үшін барымызды салуға әрқашан дайынбыз», - деді ҚБМ «Жас маман» кеңесі мүшелері.