К 30-летию Независимости Казахстана | 04 маусым 10:36

ҚБМ: Жер сілкінісі салдарын жою бойынша оқу жаттығу

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жер - 2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Республикалық іс-шара жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына мемлекеттік басқару органдары, күштер мен құралдар дайындығын пысықтауға бағытталды.

Арнайы сценарий бойынша алдымен компанияның орталық кеңсесінде дабыл қағылды. Бұдан соң қызметкерлері жиналу пунктіне толықтай эвакуацияланып, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-қимылдарға дайындығын көрсетті. Жұмысшаларға еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті мамандары қосымша ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Былтыр әлем бойынша магнитудасы 4-тен 8 баллға дейінгі 15,6 мың жер сілкінісі тіркелген. Ал Ақтау қаласының сейсмикалық қауіптілігі 6 баллды құрайды.