К 30-летию Независимости Казахстана | 25 тамыз 14:17

ҚБМ І жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп берді

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы І ауысымның еңбек ұжымына есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста 2023 жылдың алғашқы алты айында жасалған жұмыс қорытындысы таныстырылды. Басшылық компанияның негізгі өндірістік, қаржы-экономикалық, кадр және әлеуметтік салалары бойынша нәтижелерге тоқталды.

Бас директор Нұрсейіт Союнов өндірістік бағдарламаларды орындау кезінде кездескен кедергілерге, әсіресе МАЭК мекемесі тарапынан электр желілерінің апаттық ажыратуларына қарамастан жұдырықтай жұмылған еңбек ұжымына алғыс айтты. Оған қоса өндіру көлемінің тұрақтылығын сақтай отырып, мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесімен бөлісті.

 

Бұдан соң негізгі блоктар мен департамент басшылары өз салалары бойынша есеп берді. Жыл басынан бері орын алған кедергілерге қарамастан әр бағыт жоспарға сай жұмыс істеп, нәтижелерді жақсартуға барын салып келеді. Басшылық еңбек ұжымына ең алдымен қауіпсіздік техникасын сақтап, жылдық жоспарды орындау үшін күш біріктіруге шақырды.

Кездесу соңында мұнайшылар басшылыққа өз сауалдарын қойып, нақты жауап алды.