К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қыркүйек 10:48

ҚБМ: ІІ вахта жеңімпаздары марапатталды

Үздіксіз жаттығу, тартысты дода, жеңісті сәт... Қаражанбаста мұнайшылар күніне орай ІІ вахта жұмысшылары арасындағы спорттық жарыстар мәреге жетті.

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды Өндірістік басқарма директоры Кәрім Бозахаров құттықтап, мақтау қағаздары, кубоктар мен сыйлық сертификаттарын табыс етті.

Мұнайшылар бір ай бойы 9 спорт түрінен сынға түсіп, бәсекеге толы ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жеңімпаз атануға барын салып, әр сайыс соңында үздіктер есімі анықталды. Бастысы жұмысшылардың ұжымдық рухы нығайып, бірлік арқасында талай асуды бағындыратынына көз жеткізді.

 

Салтанатты марапаттау рәсімі өнерлі мұнайшылардың шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.