Алғашқы теориялық кезеңде оларға өз қызметі, өндірістік, экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша тест сұрақтары берілді. Ереже бойынша жұмысшылар 20 минут ішінде 20 сұраққа жауап беруі тиіс.
«Үздік маман» білікті мұнайшыларды танытатын тартысты байқау. Сондықтан сайыс мықты дайындықты талап етеді. Әріптестерге сәттілік!», – дейді қатысушылар.
«Үздік маман» атануды мақсат еткен мұнайшылар теориялық тапсырмаларды ойдағыдай орындап жатыр. Алайда «кіл мықтыда, кім мықты» екені тәжірибе кезеңінен соң анықталады.