Компанияның әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны және Кәсіподақты нығайтуға қосқан үлесі үшін 20-ға жуық жұмысшы «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың бірі – 40 жылдық тәжірибесі бар Рүстем Мантаев. Мұнайшы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан үлесі үшін медальға ие болды.
«Осындай марапатқа ие болу мен үшін зор қуаныш. Біз алдағы уақытта да жүктелген барлық міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бөлімінің инженері Рүстем Мантаев.