К 30-летию Независимости Казахстана | 03 шілде 11:01

ҚБМ: Қауіпсіз еңбек мәдениеті – негізгі құндылық

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да өндірістік қауіпсіздікті нығайту, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жандандыру шаралары күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бұл бағытта компания басшылығы мен жұмысшылары үнемі біліктілігін арттырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында аталмыш бағытқа қатысты 2024-2027 жылдарға арналған жол картасының 30-тармағын орындауға ерекше назар аударылған. Осы мақсатта ҚБМ Бас директоры, Бас директор орынбасарлары, департамент пен бөлім басшылары, сондай-ақ ішкі жаттықтырушылар «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсынан өтті.

«Vision Zero» жаһандық тұжырымдамасы негізінде құрылған «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы Ұлыбританияның Еңбекті қорғау институты бекіткен (IOSH) талаптарға сай жүргізіледі. Оқытукезінде «Samruk Business» академиясының білікті оқытушылары қаражанбастықтарды жаңа ақпараттармен таныстырып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның 7 алтын ережесін тұрақты ұстану арқылы оң нәтижеге жету жолында тың кейстер ұсынды.