Осы мақсатта Қаражанбас жұмысшылары конвинсер-тренажерінің тәжірибелік көрсетіліміне қатысты. Алдымен қызметкер жүргізуші креслосына отырып, қауіпсіздік белдігін бекітті. Бұдан соң тренажер шамамен 10 км/сағ жылдамдықпен импровизацияланған кедергіге соқтығысты.
Тәжірибе арқылы қаражанбастықтар жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын түсініп, жолаушыларды қалай қорғайтынына көз жеткізіп қана қоймай, сезінуге де мүмкіндік алды.
Қызмет барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, түрлі жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін енгізу - оң нәтижеге жеткізеді. Айта кетейік, жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және жою әрбір қызметкердің кәсіби және жекежауапкершілігі саналады.