Мұнайшыларға танымал тренер әрі сарапшы Құмар Мұсаев «Кайдзен негіздері» тақырыбы бойынша дәріс оқып, тың техникаларды түсіндірді. Тренинг барысында спикер ұжымдық жұмыс, моральдық рух, туындаған идеяларды сәтті жүзеге асыру тенденцияларын таныстырды. Екі күндік оқыту бағдарламасына сәйкес, департамент директорлары мен бөлім басшылары тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы тиянақтылық пен реттілікті сақтай отырып, оң нәтижеге төте жолмен жету құпияларын меңгерді.
«Бәріміздің мақсатымыз – компанияның алдағы жоспарларын сәтті орындап, көздегенімізге қол жеткізу үшін табысты еңбек ету. Осы жолда нақты қадамдар жасау мен нәтижеге жету бағытымыз айқындала түсті. Оқыту барысында әріптестермен пікір алмасып, ойларымызды ортаға салдық. Алған біліміміз тәжірибеде міндетті түрде кәдеге жарайтынына кәміл сенеміз», - деп атап өтті оқытуға қатысушылар.