Осы бағытта жұмысшыларды материалдық ынталандыру бағдарламасы бойыншакен орны мен қалада көліктер мен арнайы техникаларды шебер басқарып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген технологиялық көлік департаменті және «Мобил Сервис Групп» ЖШС жүргізушілері марапатталды.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры Наурызбек Дүйсекенов жол ережелерін сақтап, жұмысшыларды діттеген жеріне аман-сау жеткізіп жүрген жүргізушілерге алғыс білдірді. Сондай-ақ әріптестерге үлгі болып, оң нәтиже көрсеткен қызметкерлерге сыйлық сертификаттарын табыс етті.
Жол-көлік оқиғасын болдырмау мен апаттан сақтану – қауіпсіздік белдігін тағу сияқты қарапайым ережені берік ұстанудан басталады. Компания басшылығы жүргізушілерді көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды.