Жұмыс күнін сәтті аяқтаған мұнайшылар кен орны асханаларына рухани отырысқа жиналды. Компанияның Бас директоры Марат Елеусінов қаражанбастықтардыҚұрбан айтпен құттықтап, көпшілікпен бірге ел-халықтың амандығын, өндірістің өркендеуін тілеп, дұға жасады.
«Біздің жұмысшылар үнемі жақсылық жасауға асығып, қайырымды істердің басынан табылады. Бұл біздің кәсібилігімізден бөлек, адамгершілігіміздің де белгісі деп білемін. Айт қабыл болсын! Қызметіміз берекелі, еңбегіміз табысты болсын!», - деді ҚБМ Басқармасы.
Құрбан айт адамзатты бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді. Айт күндері адамдар құрбан шалып, мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Сондай-ақ бір-біріне қонаққа барып, жақындарына жақсылық тілейді. Қаражанбастықтар дастархан басында мерекенің маңызына тоқталып, айтылған насихат сөздерден рухани құндылықтарын арттырып қайтты.