ҚР Тәуелсіздік күніне орай, жоғары өндірістік көрсеткіштері мен саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің директоры Нұралы Гулджумаров, геолог Фархия Рахманқұлова, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және денсаулық қызметінің жетекшісі Ержан Омаров марапатталды.
Сондай-ақ әлеуметтік жұмыстар департаментінің қызметкерлері ерекше ықыласқа бөленді. Көп жылғы адал еңбегі үшін Мәлік Меңдіғалиев, Айгүл Сонабаева, Мархабат Махамбетова, Салима Гаржаубаева және Сабыр Мұқамбаевқа алғыс хат табысталды.
Өз кезегінде марапат иелері еңбегінің еленгеніне қуанып, бұл алдағы уақытта да нәтижелі жұмыс істеуге жаңа серпін беретінін атап өтті.