К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қаңтар 10:30

ҚБМ қызметкерлеріне мерекелік марапат табысталды

«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық аппарат қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында марапатқа ие болды.

Бас директордың бірінші орынбасары Ли Тецян жұмысшылардың жыл бойы атқарған қызметі мен кәсіби жетістіктерін атап өтіп, ҚБМ Басқармасының алғыс хаттарын табыс етті.

Компания жұмысының тұрақтылығы мен саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірнеше департамент пен құрылымдық бөлімшелердің 40-қа жуық қызметкері марапатталды. Құрметке бөленген мұнайшылар алғыс хаттарды ерекше ықыласпен қабылдап, жаңа жылдық марапаттың жұмысқа жаңа серпін беретінін атап өтті.

 

Өз кезегінде Басқарма қызметкерлерді алдағы жылда да бірлікте, жұмыс жүйелілігін сақтай отырып, оң нәтижелерді еселеуге шақырды.