Турнир алаңында алғашқы болып бу өндіру цехы мен ардагерлер құрамасы кездесті. Ойыншылар алғашқы секундтардан-ақ мықты соққыларға төтеп беріп, қарсылас командалар бір-біріне жарқын голдар соқты. Нәтижесінде БӨЦ командасының асығы алшысынан түсіп, ардагерлері 2:0 есебімен жеңді.
Тартысты кездесуді пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының жұмысшылары мен №1 мұнай өндіру цехы командалары жалғастырды. Волейбол қаражанбастықтардың сүйікті спорты саналатындықтан, қатысушылар ерекше дайындықпен келген. Тәжірибелі ойыншылар бір-бірінен басым түсу үшін түрлі техникаларды тиімді қолданды. Нәтижесінде 2:0 есебімен ПЖИЖЦ командасы келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, турнир кестесіне сәйкес ойын кезеңдері кезекті вахта ауысымында жалғасып отырады. Әр тоқсан сайын жеңімпаз командаларға ауыспалы кубок табысталып, мақтау қағаздары беріледі. Ал чемпиондық атаққа лайық ең үздік команда жыл соңына жоспарланған ақтық сында анықталмақ.