Қатысушылар арқан тарту сайысында бастысы күш емес, техника екенін жақсы біледі. Сондықтан үміткер 9 команданың әрқайсысы тиімді әдістерді пайдалану арқылы жеңіске санаулы секундта қол жеткізуге барын салды. Жанкүйерлердің ерекше қолауына ие болған жарыс қорытындысы бойынша, өндірісті автоматтандыру цехы жұмысшыларының асығы алшсынан түсіп, І орынды қанжығалады.
Екі күнге созылған волейбол сайысы да жарқын сәттерге толы болды. Жарыс алаңында сынға түскен 7 команда мықты соққылар жасап, үздік ойынымен даралануға тырысты. Тұрақты дайындық пен ұжымдық рух арқасында бұл жолы технологиялық көлік департаменті жігіттерінің бағы жанып, турнир жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, жарыстар өзге де спорт түрлері бойынша ай соңына дейін жалғасады. Тартысты кездесулер ІІ вахтаға да өткізіледі деп жоспарланып отыр. Жүзден жүйрік шыққандар мұнайшылар күні қарсаңында марапатталады.