К 30-летию Независимости Казахстана | 28 сәуір 08:22

ҚБМ мұнайшылары бильярд турнирінде мықтыларды анықтады

Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай Қаражанбас кен орнында І вахта мұнайшылары арасында бильярд турнирі ұйымдастырылды.

Жарысқа әртүрлі өндірістік цехтардан оннан астам жұмысшы қатысып, шеберлігін сарапқа салды.

Бильярд – қаражанбастықтар үшін физикалық күш-қуатты ғана емес, логикалық шеберлікті талап ететін сүйікті зияткерлік ойын. Сондықтан, үміткерлер арасында осал ойыншы болмады. Түрлі трюк көрсету арқылы дөп соғылған әрбір шар қатысушыларды жеңіске біртабан жақындата түсті.

 

Қорытындыға сәйкес, №3 мұнай өндіру цехының операторы Жандарбек Орынбасаров ІІІ орынға лайық деп танылды. Жөндеу-құрылыс цехының ағаш ұстасы Қуанғали Алдабергенов екінші сатыдан көрінді. Ал әлеуметтік жұмыстар және ішкі коммуникация тобының нұсқаушысы Калимжан Мусимкулов қарсыластардан басым түсіп, турнир жеңімпазы деп танылды.