К 30-летию Независимости Казахстана | 08 тамыз 17:45

ҚБМ мұнайшыларының балалары мектепке дайын

«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде жұмысшылардың мектеп жасындағы балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.

Қолданысты Ұжымдық шартқа сәйкес мұнайшылардан түскен өтініш негізінде ҚБМ тарапынан биыл алты мыңнан астам балаға материалдық көмек беріледі.

Қаражанбас жұмысшыларының қос кәсіподағы да жаңа оқу жылы алдында балаларды назардан тыс қалдырмады. «ҚБМ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйым мүшелерінің мектеп табалдырығын аттағалы отырған ұл-қыздарына сөмке сыйлады. Ал «Бірлік» кәсіподағы биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге кеңсе тауарлары дүкеніне сыйлық сертификатын табыстады.

 

Балалар алғашқы мектеп сөмкесін қуанышпен қабыл алып, ішін оқу құралдарымен толықтыруға асық. Айта кетейік, материалдық көмек, сөмке мен сертификаттарды беру қыркүйектің бірінші жартысына дейін жалғасады.