К 30-летию Независимости Казахстана | 25 тамыз 13:10

ҚБМ мұнайшыларының балалары сыйға оқу құралдарын алды

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі.

Биыл дәстүр бойынша мұнайшылардың мектеп жасындағы балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Келіп түскен өтініш негізінде жеті мыңға жуық балаға оқу құралдарын алуға қаржы қарастырылды.

Бұдан бөлек, компанияның қос кәсіподақ ұйымы биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді қуантты. «ҚБМ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамындағы қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балаларына ыңғайлы әрі сәнді сөмке сыйға берілді. Ал «Бірлік» кәсіподағы алтын ұяға алғаш қадам басатын ұл-қыздарға оқу құралдарын алу үшін кеңсе тауарлары дүкеніне сертификат табыс етуде.

 

ҚБМ мен қос кәсіподақтың бірлескен игі шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Оқушыларды мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз ету қыркүйектің бірінші жартысына дейін жалғасын таппақ.