Байқау «Үздік әңгіме», «Үздік бейнеролик», «Үздік фотосурет» аталымдары бойынша ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес әр үміткер ұсынған жұмысында өз қызметін барынша ашып таныстырды. Қатысушылардың идеясы мен креативіне шек қойылмай, шығармашылық қабілетіне баса назар аударылды.
Жомарт Әскербаев Қаражанбаста 12 жылдан бері жұмыс істейді. №3 мұнай өндіру цехының операторы күнделікті өндіріс көлемінің орындалуын, сорап қысымын және ұңғымадағы барлық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылауға жауапты. Ол жұмыс барысынан түсірілген фотосуреттерін байқауға ұсынып, арнайы комиссияның оң бағасынан үлесті болды.
Айта кетейік, Жомарт өндірістен бөлек кен орнындағы барлық мәдени-спорттық шараларға белсенді қатысады. Жұмыстан тыс ол цех пен компанияның волейбол командасында ойнайды. Сондай-ақ поэзия мен проза оқып, ән салады. Бойына бірнеше талантты сыйдырған мұнайшы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы маман.