Инь Цзяхун еңбек жолын Қытайдағы Ляохе кен орнындағы мұнай газ өндіру басқармасының кіші инженері қызметінен бастады. 2007 жылы Қаражанбас кен орнына өндіру және өндіру технологиясы бойынша келген алғашқы қытайлық мамандардың бірі. Ол Қаражанбастағы өндірістің дамуына жаңа серпін беретін инновацияларды батыл енгізген геологиялық-техникалық топты басқарды. Бірлескен еңбек нәтижесінде бастапқы кездің өзінде 335 бу айдау ұңғымасы қазылып, жылдық көрсеткіш 1,32 миллион тоннаға жетті.
2018 жылы Ин Цзяхун «Қазақстандық мұнай компаниясының көрнекті геологы» атағына ие болды. Бұдан да басқа көптеген ірі жетістігімен дараланған ол қазір Өндірістік Басқарма директоры ретінде қызметін сәтті жалғастырып келеді. «CITIC-тің 100 үздік маманы» қатарына ену жолында оның атқарған еңбегі ұшан-теңіз.
«CITIC Group» корпорациясына қарасты «CITIC Resourses» 20 жылға жуық уақыттан бері ҚБМ акционері. Қос компания берік қарым-қатынас арқасында Қаражанбас кен орнындағы өндірісті өркендетуге бірлесе атсалысып келеді.