«Зейнет демалысы - ұзақ жылдар бойы өңір өндірісін өрлетуге сіңірген еңбегіңіздің жемісін көрер шақ. Сізді компания ардагерлері де, әріптестеріңіз бен жас мұнайшылар ерекше құрметтеп, сыйлайды. Ерен еңбегіңіз Қаражанбастың том тарихында алтын әріптермен таңбаланғанына тұтас еңбек ұжымы куә», - деді Бас директор Марат Елеусінов.
Кәрім Бозахаров Қаражанбас кен орнының алдыңғы қатарлы қызметкері, өндіріске білікті басшы бола білген мұнайшы. Ол еңбек жолын қатардағы мұнай өндіру операторы ретінде бастап, әр жылдары шебер, инженер, цех басшысының орынбасары, цех басшысы, орталық инженерлік-технологиялық қызмет басшысы, өндіріс басшысының орынбасары және өндіріс директоры сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Тәжірибесі мол маман осы уақыт ішінде қара алтын өндірісіндегі түрлі кедергілер мен қиындықтарды зор біліммен, қабілетпен, қайсарлықпен еңсеруге ықпал еткен басшылардың бірі.
«Әріптестерге ақ тілек пен көрсеткен ілтипаты үшін алғысым шексіз. Бәріміз бірлесіп, ортақ еңбек сіңірген Қаражанбас мыңдаған мықты мұнайшысымен әлі де биік белестерді бағындыратынына сенімдімін. Бейнеттің зейнетін көретін шаққа жетіп, сіздердің жылы лебіздеріңізге бөленгеніме қуаныштымын! Қызметте абыройлы болып, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қоса беріңіздер», - деді Кәрім Бозахаров.
Әріптестер құрметіне бөленген Кәрім Оразұлыжиналыс соңында ұжымдастарға ақ бата берді. Осылайша жалынды жылдарын өлке мұнайын игеруге арнаған тағы біреңбек адамы өмір кітабының Қаражанбастағы алтын тарауын мазмұнды түйіндеді.