К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қыркүйек 15:45

ҚБМ: Сенбілік - тазалық кепілі

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түпқараған ауданына қарасты Шақпақ ата және Қапамсай шатқалында сенбілік өткізді.

Таң атысымен орталық аппараттың 50-ге жуық жұмысшысынан құралған команда аталмыш аумаққа аттанып, тазалық акциясына белсенді қатысты. Қаражанбастықтар жинаған 32 қап тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы техникаға көмегімен Баянды ауылы маңында орналасқан қоқыс полигонына жіберді.

Айта кетейік, ҚБМ бұған дейін де апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаны қорғауға қорғауға сүбелі үлес қосып келеді.