К 30-летию Независимости Казахстана | 18 тамыз 12:36

ҚБМ спорт жарысы: Екінші вахта үздіктері анықталды

Қаражанбастың ІІ вахта жұмысшылары арасындағы дода арқан тарту, волейбол және кір тасын көтеру сайыстарымен жалғасты. Мұнайшылар әр жарысқа тыңғылықты дайындалып, үздік нәтиже көрсетуге барын салып келеді.

Білекті де жүректі жұмысшылар бақ сынаған арқан тарту жарысы нағыз мықтыларды анықтаған сайыс болды. Бұл сында технологиялық көлік департаменті командасы І орынды қанжығалады. Ал волейбол турнирінде мұнайшылар ерекше ойын өрнегін көрсетіп, чемпиондық атаққа «Мобил-С» командасы лайық деп танылды. Кір тасын көтеру жарысы жұмысшылардың шыдамдылығы мен ептілігін сарапқа салып, технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі Айдын Ахметов жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Қос вахтадағы спорттық сайыстар әлі де жалғасын табады. Жүзден жүйрік шыққан жұмысшылар мұнайшылар күні қарсаңында марапатталмақ.

ҚБМ баспасөз қызметі