Кен орнында аталмыш бағдарлама соңғы жылдары қолданысқа енді. Ол арқылы ҰҒЗӨЖЦ инженерлері күн сайын зерттеу жүргізіп, ұңғымалардағы қысым, температура, сұйықтық деңгейі, дебит және т.б. көрсеткіштерді өлшейді. Сондай-ақ мұнай, су, газ және газ конденсаты сынамасын алып, түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
«Қаражанбас мұнайшылары үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Жинаған тәжірибемен бөлісу арқылы біз әріптестеріміздің де бәсекеге қабілетті болуына үлес қосамыз. Кен орнында қолданылатын КАППА бағдарламасын YU ұстаздарына үйретуге барымызды салып жатырмыз», – деді ҰҒЗӨЖЦ жұмысшылары.
Ізденістен жалықпайтын университет оқытушылары бір апта бойы ең алдымен бағдарламаны пайдалану ережелері мен тәсілдерін мұқият меңгерді. Оған қоса кен орнын аралап, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу барысына қатысты. Ұстаздар мұнайшылардан алған мағлұматтары мен тәжірибесін студенттермен бөлісуге асық.
Айта кетейік, ҚБМ демеушілігімен YU-де екі бірдей оқу зертханасы ашылды. «Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу» зертхансында әр білім алушыға «КАППА Сапфир» бағдарламасы қолжетімді. Екіжақты тәжірибе аламасу нәтижесі болашақ мұнайшылардың сапалы білім алуына оң әсер ететіні анық.