Жайық өзеніне жақын орналасқан ауылда бір аптадан бері жасанды бөгет салу және нығайтуға ерекше көңіл бөлінген. Қаражанбастық арнайы техника машинистері жүктелген міндетті абыройлы атқарып, жұмысты сапалы жүргізуге бар білімі мен тәжірибесін салып келеді. Атап айтсақ, эксковатор қазірге дейін топырақпен ұзындығы бір шақырымға жуық, ені 3,5 метр, ал биіктігі 4 метр болатын бөгет салды. Тиегіш техника аталмыш аумақтағы 7 көлікке құм тиеп, бөгеттің екі жағынан мал және көлік өтетін көпірлер жасауға қолғабыс етіп жүр. Енді салынған бөгеттер айналасына құм толтырылған қапшықтар орналастырылып жатыр.
Көршілес облыста әлі де су тасқыныны болу қаупі бар. Сондықтан алдын алу және сақтық шаралары қатаң бақылауда. Ал қаражанбастық жұмысшылар жағдай оңалғанға дейін атыраулық ағайынға жәрдемдесуді жалғатыра бермек.