К 30-летию Независимости Казахстана | 11 декабря 10:03

KC Energy Group еліміздің Жылу электр орталықтарына 50 мың тоннадан астам мазут жеткізді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны — «KC Energy Group» ЖШС — еліміздің Жылу электр орталықтарына 50 мың тоннадан астам мазут жеткізді. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымы аясында жүріп жатыр. 

Биылғы қыркүйектен бастап желтоқсанның соңына дейін жеткізілетін мазуттың жалпы көлемі 83,5 мың тоннаны құрайтын болады: қазірдің өзінде мегаполистер мен республика өңірлеріне 50,7 мың тонна жөнелтілді, ал желтоқсан соңына дейін KC Energy Group тағы 32,8 мың тонна жеткізбек.

Бүгінгі таңда мазут Павлодар облысына (8,851 мың тонна),  Қарағанды облысына (10,252 мың тонна), Ұлытау облысына (3,727 мың тонна), Солтүстік Қазақстан облысына (1,362 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысына (1,997 мың тонна), Жетісу облысына (8,138 мың тонна), Түркістан облысына (2,901 мың тонна), Жамбыл облысына (6,339 мың тонна) Ақмола облысына (1,001 мың тонна), сондай-ақ Астана (1,985 мың тонна) мен Алматыға (4,158 мың тонна) жеткізілді.

Мазут ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай тұрақты жеткізілуде. Компания өңірлердегі операторлардың кестесі мен өтініштері негізінде өзінің отын жеткізу міндеттерін орындауда. Алдағы уақытта жұмыс жалғасатын болады.

Компанияға биылғы жылыту маусымында жүктелген міндеттерінің жалпы көлемі 147,5 мың тоннаны құрайды, соның ішінде Энергетика министрлігінің қосымша ұсынысы бойынша басқа ресурс ұстаушының міндеттемелерін орындау үшін 5 мың тонна отын бар.