К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қаңтар 08:30

Кедендік шекарада кешенді тексеру жүріп жатыр

Қаржы министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы  Қорғас АЭА-да СЭҚ қатысушыларымен кездесу өткізді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.