Табиғи апаттың кесірінен үйлерін су басып кеткендер арасында ҚТЖ-ның 155 қызметкері де бар. Оның төртеуі – зейнеткерлер.
– Осындай сын сағатта біздің компания қызметкерлері ауызбіршілік танытып, әріптестеріне көмек қолын созуда. Солардың арасынан игі істі алғаш болып қолға алған «Кедентранссервис» АҚ компаниясына алғыс білдіреміз. Міне, олар гуманитарлық көмек ретінде заттарын әкеліп, тиісті станцияларға жөнелткелі тұр. Осы көмекті ұйымдастыру бойынша компанияда құрылған жедел штаб қабылдап алуда, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.
Сонымен қатар, айтуынша компания қызметкерлері өз еріктерімен бір және жарты күндік жалақыларын аударуда. Барлық көмек Атырау, соның ішінде Құлсары станциясына, Ақтөбе, Әйтеке би, Орал, Қостанай және Қарағанды станцияларындағы зардап шеккен әріптестерге жолданады.
айтуынша, гуманитарлық көмекке компания қызметкерлері өз еріктерімен қалауы бойынша қатысуда.
– Бұл жерде ұзақ сақталатын, бұзылмайтын, балаларға арналған тамақтар, жеке гигиеналық және химиялық заттар жиналды. Келеңсіздікер болмасын деп тек жаңа киім-кешек, пайдаланылмаған төсек орындар жабдықтарын жіберіп жатырмыз, – дейді «Кедентранссервис» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Елдос Кәлімжан.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"