К 30-летию Независимости Казахстана | 28 тамыз 08:25

Кедентранссервис Тәжікстанға экспорттық жүктері бар алғашқы пойызды жөнелтті

Қостанай станциясынан «Кедентранссервис» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) Тәжікстан бағытында алғаш рет қазақстандық экспорттық жүктері бар пойызды жөнелтуді ұйымдастырды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Пойыз межелі станцияларға 3 мың тоннадан астам ұн мен майлы дақылдарды, 2 мың тонна халық тұтынатын тауарларды жеткізеді.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі байқалады. 2022 жылы екі ел темір жолының қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемі 4 млн тоннадан асты. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде көлемі шамамен 2,7 млн тоннаны құрады, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17% ұлғайды.

 

Жыл сайынғы өсімді ескере отырып, екі елдің теміржолшылары Хатлон (Тәжікстан) станциясында көлік-тарату орталығын құра отырып, бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр, онда Тәжікстанның оңтүстік өңірлерінен жүктер және Қазақстаннан экспорт шоғырландырылатын болады.

Жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасап, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші барлық экспорттаушылар үшін қойма мен  сауда алаңын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға қосымша серпін береді.