Қазіргі таңда KEGOC қызметкерлерінің жалпы саны – 4 446 адамды құрайды, ал оның 88%, яғни 3 894 адам - өндірістегі қызметкерлер.
Компанияда еңбек ететін маман иелерінің ішінде көп таралғаны – инженерлер, қосалқы станциялардағы және электр беру әуе желілерін жөндеу жөніндегі электромонтерлер, сондай-ақ арнайы техника жүргізушілері.
Бұл мамандар өндірістік персоналдың 73% құрайды, ал олардың орташа қызмет өтілі 10-20 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Демек, студенттік шақтарынан бастап KEGOC-қа қосылған бүгінгі мамандар - қазіргі таңға дейін компанияға адал қызмет етіп, тәжірибелерін арттырып, оны энергетиктердің жас буынымен бөлісуді жалғастыру үстінде.