Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі 2037 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының екінші шығарылымы шеңберінде орналастырылды. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы 84,8% құрады, бұл инвесторлардың «KEGOC» АҚ «жасыл» облигацияларына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Инвесторлар – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Еуропалық Қайта Құру және даму банкі.
Бұл қарастырылған қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ қайта құру», «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» сынды инвестициядық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.