Дивидендтер төлемі 17,014 млрд. теңгені құрады немесе бір жай акцияға 65,44 теңге, яғни бұл есептік кезеңдегі таза пайданың 120% құрайды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелді.
Дивидендтер төлеу «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ төлем агенті арқылы жүргізілді. IPO-ға шыққан сәттен бастап компания жалпы сомасы шамамен 205 млрд. теңгеге дивидендтер төледі.