К 30-летию Независимости Казахстана | 22 апреля 12:19

KEGOC 22,3 млрд теңге көлемінде дивиденд төлейді

 

KEGOC-та акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтті. Жиында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, дивидендтер туралы шешім қабылданды.

Компанияның таза пайдасы 70,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға жоғары. Акционерлер шешімі бойынша пайданың 62,9%-ы дивидендтерге бағытталатын болады.

2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін акционерлерге 22,3 млрд теңге төленеді, бұл бір акцияға – 81 теңге. Бұған дейін бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 22,27 млрд теңге төленген еді.

Акционерлер тізімі 2026 жылғы 12 мамырда тіркеледі, ал төлемдер 12 маусымнан басталады.