К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қаңтар 10:30

KEGOC әлеуметтік тұрақтылық индексі 2024 жылы 87 пайызды құрады

«KEGOC» АҚ биыл да  «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылықтың ең жоғары көрсеткіштерін көрсетті.

Компанияның өндірістік персоналы арасында «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы» ЖМ жүргізген жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік тұрақтылық индексі (SRS) 87% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда оң динамиканы көрсетеді.

SRS индексі үш негізгі құрамдас бөлікке негізделген:

қатысу индексі – 87% әлеуметтік әл-ауқат индексі – 76% әлеуметтік тыныштық индексі – 96%

Зерттеуге өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, олар өмір сүру сапасы мен материалдық жағдайдың деңгейін, болашақты қабылдау, еңбек жағдайларын, өндірістік қауіпсіздікті, басқарудың әділдігі мен ашықтығын, ұжымдағы ішкі ақпараттандыру мен атмосфераны бағалады.  

Сарапшылар компанияның қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын тудыру, қызметкерлердің өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, сонымен қатар еңбек ұжымдары ішінде жағымды атмосфера мен сындарлы қатынастар қалыптастыру бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарын атап өтті. 

«KEGOC» АҚ әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамудың жоғары стандарттарын сақтау үшін өз міндеттемелерін растайды, бұл өз кезегінде компанияға деген қызметкерлердің, серіктестер мен инвесторлардың сенімін сақтауға және нығатуға септеседі.