«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2024 жылғы 11 қазандағы шешіміне сәйкес компания 2024 жылғы бірінші жартыжылдық қызметінің қорытындылары бойынша таза пайданың 64,5%-ын, яғни 22,7 млрд теңге мөлшеріндегі сумманы дивидендтер төлеуге жолдады, бұл бір жай акцияға шаққанда 82,40 теңге.
«KEGOC» АҚ акционерлер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды. «KEGOC» АҚ акционерлеріне жылына 2 рет дивидендтер төлейді.
2014 жылдан бастап акционерлерге төленген дивидендтер сомасы 280 млрд теңгеден асты.