Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне 2021 жылғы қаржылық есептемені және бір акцияға есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту мәселесі енгізілді.
Дивидендтік саясатқа сәйкес Компания дивидендтерді екі рет төлейді. Осылайша 2021 жылғы бірінші жарты жылдықта шамамен 22 млрд теңге немесе бір акцияға 84,72 теңге төленді.
Компанияның акцияларын 2014 жылы алғаш рет орналастырған сәттен бастап компанияның бір акциясының құны 505 теңгеден 1681 теңгеге дейін, яғни 3 есе өсті. Акционерлерге төленген дивидендтердің жалпы сомасы 174,7 млрд теңгені құрады.
Компания бекітілген дивидендтік саясатты ұстанады және өз акционерлерінің құқықтары мен мүдделерінің мүлтіксіз іске асырылуын қамтамасыз етеді.