Шара барысында Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев ресми түрде жаңадан тағайындалған «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевты таныстырып, оның жоғары біліктілігі мен электр энергетикасы саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесіне тоқталып өтті.
«Қаныш Тәңірбергенұлы қатардағы электрслесарьдан бастап Қазақстан Республикасының жетекші электржелілік компаниясының басшысына дейін мансаптық өсудің барлық сатыларынан өтті», – деп атап өтті Алмасадам Майданұлы.
Ұлттық компанияның бірінші басшысы болып тағайындалғанға дейін Қаныш Молдабаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясын басқарды және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.