К 30-летию Независимости Казахстана | 26 сәуір 07:25

«KEGOC» АҚ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«KEGOC» АҚ-да коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қызметкерлерге вакцинация жүргізілді.

Аталмыш рәсімді бірінші болып Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев қабылдады.

Covid-19-ға қарсы екпе ретінде Sputnik V «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы қолданылды.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында қызметкерлерді вакцинациялау кестесі жасалды, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.