«Компанияда қызметкерлер және олардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне басымдық беріледі. Кездесу барысында әріптестеріміздің тарапынан сындарлы ұсыныстар айтылды, сондай-ақ жұмыс процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде жаңа идеялар тыңдалды», - деп атап өтті Нәби Еркінұлы.
«Ақмола ЖЭТ» филиалы Астана қаласын сенімді электрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Филиал заманауи құрылғылармен жабдықталған, онда кәсіби біліктілігі мен дайындық деңгейі жоғары 500-ден астам маман жұмыс істейді.