Компанияда қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырады. Соның бірі – жеңілдетілген несиемен баспана алу бағдарламасы. Биыл осы бағдарламамен «KEGOC» АҚ-ның өңірлік филиалдарында жұмыс істейтін 44 қызметкердің баспаналы болуына мүмкіндік туып отыр. Бастаманың мақсаты – компанияның жоғары білікті мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету.
Осыған орай, «Ақмола АЭТ» аға диспетчері Жұман Қыпшақбай компаниядағы әлеуметтік саясатқа қатысты өз алғысын білдірді. Ол жақында ғана осы несие бағдарламасы арқылы баспаналы болған еді.
«Жеке өз атымнан және әріптестерімнің атынан компания тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдау үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздің бастамаңызбен іске асып жатқан жеңілдетілген несиемен баспана алу бағдарламасы аясында «Ақмола ЖЭТ» филиалынан 6 қызметкер баспаналы болып, 3 қызметкер үйлерінің кілтіне ие болды. Соның біреуі – менмін», – деді компанияда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан Жұман Қыпшақбай.
Сонымен қатар, компания басшысы қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.