Онда компанияның келешектегі және өндірістік жоспарлары, сондай-ақ әлеуметтік саясатын одан әрі іске асыру жөнінде баяндады.
KEGOC-та қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл компания қызметкерлерінің еңбекақы және сыйақы мөлшері ұлғайтылды. Сондай-ақ, өндірістік қызметкерлер үшін жеңілдетілген несиемен баспана алу бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Медициналық сақтандыру және қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту бойынша өзге де шаралар жалғасын табуда.