«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев Лондонда өткен «Орталық Азия энергетика саласындағы аймақтық сауда және инвестициялар жөніндегі форумының» жұмысына қатысты.
Дүниежүзілік банк ұйымдастырған шара «KEGOC» АҚ және тұтастай алғанда Қазақстанның күллі электр энергетикасы саласы үшін өзекті мәселелер – Орталық Азиядағы электр энергиясының кеңейтілген саудасын ілгерілету үшін негізгі тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылау алаңына айналды. Форумға арқау болған тағы бір тақырып Дүниежүзілік банктің Орталық Азия аймағындағы электр энергиясын интеграциялау және сату жөніндегі жобасын талқылау болды.