К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қазан 15:36

KEGOC бірінші жартыжылдықтағы кірісін түгел дивидендтерге жұмсайды

27 қазанда «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиында «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы жартыжылдық қаржылық есептемесі бекітілді. Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және «KEGOC» АҚ-ның бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері бекітілді.

Бекітілген қаржылық есептемеге сәйкес компанияның 2022 жылғы І жартыжылдықтағы шоғырландырылған таза табысы 14 млрд. теңгені құрады. Төлеуге берілетін дивидендтердің жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайды, оның 3 млрд теңгесі өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасының бір бөлігі болып табылады.

Осылайша, «KEGOC» АҚ таза пайданың 120%-ын төлемге жұмсайды, бұл бір акцияға есептегенде 65,44 теңгені құрайды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтер төлеу 2022 жылдың 20 желтоқсанында басталады.